×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Қазақстанда робот-ит көпшілік арасынан алимент төлемей жүрген борышкерді анықтады

Бүгін, 14:15
Қазақстанда робот-ит көпшілік арасынан алимент төлемей жүрген борышкерді анықтады
Видео кадры

Қарағанды облысында полиция алғаш рет жасанды интеллектімен жабдықталған робот-итті қызметке пайдаланды. Сынақ металлургтер күніне арналған Балқаш пен Теміртаудағы мерекелік іс-шаралар кезінде өткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Мерекелік іс-шараларға екі күн ішінде 115 мыңнан аса адам қатысты. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция күшейтілген қызмет тәртібіне көшіп, мыңнан аса қызметкерді жұмылдырды.

Қызмет барысында полицияның дерекқорларына қосылған робот-ит адамдардың жүзін нақты уақыт режимінде талдап отырды. Соның нәтижесінде құқық қорғау органдары іздеу жариялаған төрт адам жедел анықталды. Олардың қатарында алимент бойынша берешегі бар бір адам, мемлекет алдындағы қарызы бар екі адам және соттың үйден шығуға тыйым салу талабын бұзған бұрын сотталған бір адам болды. Олардың барлығына заң талаптарына сәйкес шара қолданылды.

Ондаған жоғалған бала табылды

Ауқымды іс-шаралар кезінде полиция үш жастан он жеті жасқа дейінгі 87 адасып кеткен баланы тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.