×
470.28
537.53
5.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.28
537.53
5.99

Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адам қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды

20.07.2026, 15:28
Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адам қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөз

Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан Aqtogai Milk ЖШС аумағында болған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алдын ала мәліметке сәйкес, кәсіпорын аумағындағы кәріз құдығында орналасқан электр сорғысын жөндеу кезінде алты жұмысшы қаза тауып, тағы бір адам зардап шеккен.

Облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше, шақырту 20 шілде күні сағат 12:01-де түскен. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның оқиға орнында қаза тапқанын анықтаған.

Ал 1988 жылы туған тағы бір ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа орташа ауырлық дәрежесіндегі көмірқышқыл газымен улану диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы тұрақты, сондықтан облыс орталығына тасымалдау қажет емес.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады ведомстводан.