×
470.28
537.53
5.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.28
537.53
5.99

Теңіз кенішінде биыл 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіріледі

Бүгін, 16:30
Теңіз кенішінде биыл 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіріледі
Gov.kz

Теңіз кенішіндегі мұнай өндіру көлемі тәулігіне 120 мың тоннаға жетті. Кен орнын кеңейту бойынша ең ірі кезең аяқталғаннан кейін «Теңізшевройл» жыл қорытындысы бойынша 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл туралы министр Ерлан Ақкенженовтің Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Теңізшевройл» компаниясы басшылығымен кездесуде айтылды.

– 2024-2025 жылдары кеңейту жобасы аясында жаңа өндірістік нысандар іске қосылды. 2025 жылдың қаңтарында Үшінші буын зауытында алғашқы мұнай алынды. Қазіргі уақытта кеңейту жұмыстары толық аяқталып, жаңа қуаттар жоспарланған өндіріс деңгейіне шықты. 2026 жылдың алғашқы жартысында ТШО 16,6 млн тонна мұнай өндірді, – делінген министрлік хабарламасында.

ТЕҢІЗДЕГІ АҚАУЛАР

Кездесу барысында Ерлан Ақкенженов Теңіздегі өндірістік кешеннің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Министр «Теңізшевройлдан» жоспарланған өндіріс көлеміне қол жеткізу бойынша нақты жоспар күтетінін айтты.

Сонымен қатар тараптар Теңіз кенішіндегі технологиялық ақаулардың алдын алу, қазақстандық қамтуды дамыту және отандық жеткізушілердің ТШО жұмысына қатысу мәселелерін талқылады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мамыр айының соңында Теңіз кенішінде болған апатқа байланысты Қазақстан мұнайының экспорты күрт төмендегені хабарланған еді. Маусым айында Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы 6 млн 442 мың тонна мұнай тасымалданған. Мамыр айында бұл көрсеткіш 7 млн 187 мың тонна болған.