×
$
453.71
€
505.8
₽
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.71
€
505.8
₽
5.63

Жаңаөзенде арнайы жасақ мұнай өнімдері сақталған қойманы анықтады

Бүгін, 12:10
Жаңаөзенде арнайы жасақ мұнай өнімдері сақталған қойманы анықтады
Ulysmedia коллажы (ІІМ және Pixabay кадры)

Жаңаөзенде полицейлер мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Жеке меншік базадан төрт тонналық жанармай цистернасы табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Операция Рауан шағынауданының өнеркәсіптік аймағында өтті. Жеке меншік база аумағына полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірге барған.

Тінту кезінде мұнай өнімдері сақталған ыдыс табылып, тәркіленді.

– Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір мұнай өнімдерінің қайдан алынғаны және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ІІМ.

Мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау схемасы

Бұған дейін ҰҚК Ақтау порты арқылы мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаудың ірі схемасының жолы кесілгенін хабарлаған еді.

2019-2023 жылдар аралығында шетелге жалпы құны 45 млрд теңгеге жуық 160 мың тоннадан астам өнім шығарылған. Топтың бес мүшесі сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал схеманы ұйымдастырды деген күдікті халықаралық іздеуде жүр.