×
469.59
536.22
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.59
536.22
5.96

Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты

Бүгін, 14:20
Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты
Ulysmedia

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасыру ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылық негізінде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл ақпаратты оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады. Оның айтуынша, сот Байжановты дереу босату туралы шешім шығарған.

– Жазаның өтелмеген бөлігі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралды, – деді адвокат.

БАҚЫТЖАН БАЙЖАНОВ

Еске салайық, Бақытжан Байжанов – Қуандық Бишімбаевтың немере інісә. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша қылмысты жасыру бабы бойынша айыпталып, 2024 жылғы 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Кейін Байжанов рақышылық туралы заң аясында жазасының өтелмеген бөлігін өтеуден босатылып, бостандыққа шығатыны хабарланған.