×
469.59
536.22
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.59
536.22
5.96

Қазақстандықтар рубльден неге жаппай құтылып жатыр

Бүгін, 14:56
Қазақстандықтар рубльден неге жаппай құтылып жатыр
Pixabay.com

Қазақстан халқы қолындағы рубльді өткізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша айырбастау орындары халықтан 67 млрд теңгеге артық рубль сатып алған.

АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ АХУАЛ

Бұл – қазақстандықтардың Ресей рублін сатып алудан гөрі төртінші жыл қатарынан көбірек сатып жатқанын аңғартады.

Бірнеше жыл бұрын ахуал мүлде басқаша еді. 2018-2022 жылдар аралығында тұрғындар айырбастау орындарынан жыл сайын өткізгенінен әлдеқайда көп рубль сатып алатын. Алайда 2023 жылы үрдіс өзгеріп, халықтың рубль сату көлемі сатып алу көлемінен асып түсті. Содан бері бұл тенденция сақталып келеді.

Оның үстіне айырмашылық та айтарлықтай ұлғайған: 2023 жылы теріс сальдо 9 млрд теңге, 2024 жылы 5 млрд теңге болса, 2026 жылдың алғашқы бес айында бұл көрсеткіш 67 млрд теңгеге дейін жетті.

РУБЛЬГЕ СҰРАНЫС НЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ?

Бұл өзгерістер Ресей валютасы бағамының құбылуына байланысты болып отыр.

2025 жылы өскеннен кейін 2026 жылдың басында рубль теңгеге қатысты әлсірей бастады. Мамыр мен маусым айларында рубль уақытша нығайғанымен, шілдеде қайтадан төмендеу үрдісіне көшті.

21 шілдедегі жағдай бойынша ресми бағам бір рубль үшін 6 теңгеге дейін түсті. Бұл маусым айындағы орташа деңгейден 8 пайызға төмен.