×
469.59
536.22
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.59
536.22
5.96

Украина АҚШ-қа дрон экспорттай алатын болды

Бүгін, 15:06
Украина АҚШ-қа дрон экспорттай алатын болды
фото: Ашық дереккөзден

Киев пен Вашингтон әскери сынақ үшін украиналық жерүсті, әуе және теңіз дрондарын АҚШ-қаэкспорттауға мүмкіндік беретін екіжақты құжатқа қол қойды. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерінесілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Құжат АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагонның) «Ұшқышсыз жүйелердегі басымдық» (Dominance in Unmanned Systems) бағдарламасы аясында жасалған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, алты украиналық компанияның әрқайсысына шамамен 100 ұшқышсыз ұшу аппаратын экспорттауға рұқсат берілген.

Тараптар қол қойған құжат өндірістік келісімшарт болып саналмайды. Дегенмен ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған алғашқы нақты қадам ретінде бағаланып отыр. Болашақта бұл ынтымақтастық АҚШ аумағында украиналық жауынгерлік дрондарды бірлесіп өндіруді мәселесін қамтуы мүмкін.

Әзірге Киев те, Вашингтон да құжатқа қол қойылғанын ресми түрде растаған жоқ.

Контекст

Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) америкалық ReconCraft компаниясы мен украиналық Uforce ұшқышсыз теңіз катерлерін әзірлеуші компаниясының бірлескен өндірісіне инвестиция салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

Екі компания Орегон және Оңтүстік Каролина штаттарында MAGURA теңіз дрондарын бірлесіп өндіру туралы меморандумға қол қойған.

Өндірушілер бастапқы кезеңде жыл сайын жүздеген, кейін мыңдаған экипажсыз теңіз катерін шығаруды көздеп отыр.

Ал Пентагон бұл дрондарды Иранмен болған соғыстан кейін қоры азайған дәстүрлі қару-жарақтың арзан баламасы ретінде қарастырып отыр.