×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

Ормуз бұғазындағы текетірес: Иран мұнай танкерін басып алды

Бүгін, 09:33
Ормуз бұғазындағы текетірес: Иран мұнай танкерін басып алды
reuters

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Иранның келісімінсіз Ормуз бұғазы арқылы өтпек болған кемелерге шабуыл жасауды жалғастыратынын мәлімдеді. Ал Financial Times басылымы Иран грек кәсіпкері Георгиос Прокопиуға тиесілі танкерді басып алғанын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Иранның Tasnim агенттігінің жазуынша, мұнай танкері Тегеранның келісімінсіз Ормуз бұғазынан өтпек болып, минаға жарылған.

– АҚШ армиясының ықпалымен» үш мұнай танкері Ормуз бұғазының оңтүстігіндегі миналанған бағытпен жүруге әрекет жасаған. Алайда танкерлердің бірінде жарылыс болып, күшті өрт шыққаннан кейін қалған екі кеме кері қайтқан, – деп жазды басылым.

Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ өңірдегі «агрессивті әрекеттерін» жалғастырып отырған кезеңде Иранның әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазын бұғаттауды жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ Иранның келісімінсіз бұғаздан өтпек болған кез келген кемені минаға жарылған танкердің тағдыры күтетіні ескертілді.

23 шілде күні Financial Times басылымы спутник суреттеріне сүйеніп, грек магнаты әрі кеме қатынасы компанияларының иесі Георгиос Прокопиуға тиесілі Kavomaleas танкері 19 шілдеде Ормуз бұғазында шабуылға ұшырап, кейіннен Иранның аумақтық суларына жеткізілген болуы мүмкін екенін жазды.

Басылымның мәліметінше, танкер Оманнан шығып, Парсы шығанағына бет алған кезде оған екі снаряд тиген. Салдарынан кеменің қозғалтқыш бөлімінде өрт шығып, экипаж эвакуациялануға мәжбүр болған.

Еуропа ғарыш агенттігінің (ESA) 21 шілдеде түсірген спутник суреттерінде Иранның аумақтық суларында, Ларек аралының маңында көлемі мен палубасының түсі Kavomaleas танкеріне сәйкес келетін кеменің тұрғаны байқалады. Суреттерде оның қозғалтқыш бөлігінен түтін шығып жатқаны байқалады.

Financial Times басылымының жазуынша, танкерге шабуыл жасалған теңіз аумағы қазір бос. Сарапшылар танкерді Иран басып алуы мүмкін дейді.

Танкер Парсы шығанағынан 500 мың баррель мұнай тиеп әкетуі тиіс болған. Спутник суреттерде шабуылға ұшыраған танкердің артынан мұнай ізі созылып жатқаны көрінеді.

Ал танкердің иесі Dynacom компаниясы кемені ешқайда жылжытуға рұқсат бермегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта компания кеменің қай жерде екенін анықтап жатыр.