×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

КҚК терминалында дрон шабуылына ұшыраған танкер санкциялық тізімде болған

Бүгін, 11:17
КҚК терминалында дрон шабуылына ұшыраған танкер санкциялық тізімде болған
Фото: Ашық дереккөзден

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалында мұнай тиеу кезінде дрон шабуылына ұшыраған NELSA танкері санкциялық тізімде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өзінің Energy Monitor Telegram-арнасында дрон шабылуына ұшыраған 2010 жылы жасалған NELSA танкері Камерун туы астында жүріп бірден бірнеше мемлекеттің санкциясына іліккенін жазды.

Атап айтқанда, 2024 жылдан бері танкер Ұлыбританияның, ал 2025 жылдан бастап Еуропалық одақтың санкциялар тізіміне енгізілген.

— NELSA танкеріне қатысты санкциялар мен шектеулер оның Ресей мұнайын тасымалдауға қатысқаны, сондай-ақ санкцияларды айналып өту мақсатында AIS (автоматты сәйкестендіру жүйесін) өшіру сияқты заңсыз «көлеңкелі қызметпен» айналысқаны үшін енгізілген, – дейді Нұрлан Жұмағұлов.

Сарапшының айтуынша, танкердің автоматты сәйкестендіру жүйесі (AIS) соңғы рет 17 шілдеде, кеме Түркия жағалауынан Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалына бет алған кезде өшірілген.

Танкерді қай компания жалдағаны нақтыланбаған. Алайда кейбір мәліметтерге сәйкес, оны Біріккен Араб Әмірліктеріндегі трейдингтік компаниялардың бірі жалдаған болуы мүмкін.

Контекст

Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалы арқылы Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80 пайызы жүзеге асырылады. Бұл КҚК жүйесімен тасымалданатын жалпы мұнай көлемінің 90 пайызын құрайды.

Терминал арқылы Ресей мұнайы да экспортталады. Алайда соңғы айларда оның үлесі айтарлықтай қысқарған.

NELSA танкеріне жасалған дрон шабуылы салдарынан кеме бортында өрт шыққан. Алайда ол дер кезінде сөндірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Теңізге мұнай төгілмеген.