×
467.65
533.26
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.65
533.26
5.96

Ақтөбе облысында мал бағып жүрген 14 жастағы бала қаза тапты

Бүгін, 12:02
Ақтөбе облысында мал бағып жүрген 14 жастағы бала қаза тапты
gov.kz

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында мектеп оқушысы қаза тапты. Жасөспірім інісімен бірге мал бағып жүріп, еріген қар суы жиналған жыраға шомылмақ болған. Алайда судан шыға алмай қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қайғылы оқиға 22 шілдеде кешке Аққұм ауылының маңында болған. 14 және 12 жастағы ағайынды екі бала ауылдан шамамен үш шақырым жерде мал бағып жүрген.

Үлкені суға түсуге тыйым салынған жыраға түсіп, бата бастаған. Інісі оны құтқара алмай, полицияға хабар берген.

Төтенше жағдайлар департаментінің пікірі

– Ақпарат полициядан келіп түсті. Аққұм ауылы маңындағы су басқан аумақтан құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың денесін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім суға түсуге тыйым салынған жерде шомылып жатқанда батып кеткен, – деп хабарлады Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Әйтеке би ауданы әкімдігінің мәліметінше, марқұм толық отбасында тәрбиеленген және сегізінші сыныпта оқыған.

Бұл – шомылу маусымы басталғалы Ақтөбе облысында тіркелген үшінші адам өлімі.