×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Астанада бір жасар бала ауруханада туберкулез жұқтырған: тексеру басталды

Бүгін, 16:11
Астанада бір жасар бала ауруханада туберкулез жұқтырған: тексеру басталды
Unsplash

Астанадағы №1 қалалық балалар ауруханасын бір жасар сәбидің отбасы баланың туберкулез жұқтыруына себеп болуы мүмкін деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

МӘН-ЖАЙ

Туыстарының айтуынша, медициналық мекемеде туберкулездің ашық түрімен ауырған медбике жұмыс істеген және ол кішкентай науқастармен байланыста болған.

Оқиға әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін көпшіліктің назарын аударды. Баланың туысы Threads желісінде жағдайға қоғам назарын аударуды сұрап жазба жариялаған.

– Бір жасар жиеніме туберкулез диагнозы қойылды. Осы жағдайдың кеңінен жария болғанын қалаймын. Денсаулық сақтау министрлігі, №1 қалалық ауруханада ашық түрдегі туберкулезбен ауырған медбикенің жұмыс істеуіне қалай жол бердіңіздер? Енді бір жасар жиенімнен туберкулез анықталды. Компьютерлік томография туберкулезді растады, – деп жазды Жазира есімді қолданушы.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Редакция тілшісі бұл мәселеге қатысты Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады. Басқармадағылардың мәліметінше, отбасының өтініші бойынша қызметтік тексеру басталған.

– Бұл факті бойынша баланың туберкулезге шалдығуына қатысты тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас педиатры, фтизиатр, пульмонолог, сәулелік және функционалдық диагностика маманы енгізілді. Сонымен қатар комиссия жұмысына ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» және Астананың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тартылады. Тиісті жұмыс басталды, – деп хабарлады басқарма.