×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін, 10:00
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атмосфералық фронттардың әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Ал елдің оңтүстік аймақтарына Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массалары ықпал етеді. Соның әсерінен бұл өңірлерде жауын-шашынсыз, күн ашық әрі құрғақ ауа райы сақталады.

Республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Тек батыс өңірлерде айтарлықтай жылы бола қоймайды.

Күндіз еліміздің солтүстігінде ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстікте +33...+44 градусқа дейін ысиды.