×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Алматыда жер сілкінді

Бүгін, 11:39
Алматыда жер сілкінді
Gov.kz

29 шілдеде Алматы тұрғындары жер асты дүмпуін сезді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

МӘН-ЖАЙ

Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 11:09-да тіркелген. Алматыда оның күші 2 балл болған.

– Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықта орналасқан. Эпицентр координаттары: 41.357° солтүстік ендік, 78.778° шығыс бойлық, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 13-ке жеткенін хабарлаған едік.