×
$
455
€
498.77
₽
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455
€
498.77
₽
5.56

Алматы Netflix-тің жаңа детектив сериалында көрсетілді

Бүгін, 16:28
Алматы Netflix-тің жаңа детектив сериалында көрсетілді
The Madeniet

Алматы қаласы Netflix платформасында жарық көрген Оңтүстік Корея мен Жапония бірлесіп түсірген The Blue Road («Көк жол») детектив сериалында көрсетілді. Көрермен сериалдың соңғы бөлімінен «Алматы-2» теміржол вокзалы мен қаланың таныс көшелерін байқаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы сериалдың соңғы бөлімінде көрсетілді

Сериал Оңтүстік Корея мен Жапониядан шыққан екі детективтің оқиғасын баяндайды. Олар бірнеше адамды аяусыз өлтірген қылмыскерді іздейді. Әр қылмыс орнынан жұмбақ хаттар тауып, солардың көмегімен істің мән-жайын біртіндеп аша бастайды.

Сегізінші бөлімде оқиға Қазақстанда жалғасады. Басты кейіпкерлердің бірі пойызбен Алматыға келеді. Мұнда ол жергілікті қылмыс әлемінің беделді өкілімен танысады. Ол детективке тергеуді жалғастыруға көмектеседі.

Сериалдың шешуші оқиғаларының бір бөлігі де Қазақстанда өтеді. Көрермен кадрдан «Алматы-2» теміржол вокзалын және қаланың басқа да жерлерін көре алады.

Басты рөлдерді Сон Сок Ку, Эйта Нагаяма және Чон Джэ Ён сомдаған.

Сериалдың режиссері – «Әлсіз қаһарман» және «Дезиртерлерді аңду» жобалары арқылы танылған Хан Джун Хи.

The Blue Road сериалы Netflix платформасында 20 қарашада жарық көрді.

Алматыдағы түсірілім кезінде не болған еді?

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда Алматыда Road деген жұмыс атауымен оңтүстіккореялық жобаның түсірілімі өткен.

Сол кезде түсірілім алаңында оқыс оқиға болған еді.

11 желтоқсанда таңертең түсірілім тобы мен көпшілік сахнаға қатысатын актерлер отырған теміржол вагонында 47 адам зардап шеккен. Олардың 11-і – бала.

Зардап шеккендердің барлығы қаладағы ауруханаларға жеткізілген.

Оқиғадан кейін полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сізге қызық болуы мүмкін