×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Зеленский: Соғыстағы басымдық Путиннің қолында емес

Бүгін, 12:25
Зеленский: Соғыстағы басымдық Путиннің қолында емес
Фото: Ашық дереккөзден

Соғыстағы басымдық Владимир Путиннің қолында емес. Владимир Зеленский АҚШ-тың Fox News арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінше, қазір елінде әскери-өнеркәсіптік салаға арналған озық технологияларды әзірлейтін 500 компания жұмыс істейді. Бұл технологиялар Украинаға әскери қызметкерлердің өмірін сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Ал Ресей ай сайын шамамен 30 мың сарбазынан айырылып жатыр.

– Ресей үлкен шығынға ұшырап жатыр. Алайда Владимир Путин соғысты тоқтатқысы келмейді. Соғыстағы бастамдық оның қолында емес, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, Украина үшін ең маңыздысы – адам ресурсын сақтау және технологиялық артықшылыққа сүйену.

– Біз Путиннен жылдамырақ әрекет етуіміз керек. Өйткені оның адам күші көп. Сондықтан біз өз адамдарымызды қорғап, қарсы тарапқа қарағанда технологияны көбірек пайдалануымыз қажет, – деді ол.

Контекст

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласында Ресей басшысыВладимир Путинмен кездесу кезінде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған.

Тоқаевтың айтуынша, оған «Еуропа мен АҚШ-тан Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты көп белгі түсіп жатыр». Ол сонымен бірге «бұл қақтығыстың табиғаты көп адамға түсініксіз, оның ішінде бізге де» деген.

Кейіннен Кремльдің баспасөз Дмитрий Песков Украинаның ұстанымын ескергенде «соғысты уақытша тоқтату мүмкін емес» деп мәлімдеді.