×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Қоймалары өртке оранған Wildberries Қазақстаннан пана іздеуде

Бүгін, 13:10
Қоймалары өртке оранған Wildberries Қазақстаннан пана іздеуде
Фото: Ашық дереккөзден

Украинаның дрон шабуылдарынан кейін Ресейдің Wildberries маркетплейсі Қазақстаннан қосымша қойма іздей бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Украинаның Ресейдегі логистикалық орталықтарға жасаған шабуылдарынан кейін Wildberries компаниясы Қазақстаннан қосымша қойма алаңдарын іздеуге кірісті. Компанияға шамамен 100 мың шаршы метр қойма қажет. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы жазды.

– Осылайша маркетплейс өз қуатының бір бөлігін дрон соққыларынан қорғауды көздеп отыр, – деп жазды басылым.

Wildberries бұл ақпаратты тікелей растаған жоқ. Компания тек логистикалық желісін дамытуды жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Мәселен, Алматыда ауданы 100 мың шаршы метрден асатын қойма, ал Астанада көлемі 160 мың шаршы метр болатын логистикалық орталық салынып жатыр.

Контекст

Кейінгі уақыттары Украина Ресейдің әскери инфрақұрылымы мен қатар, Wildberries компаниясының қоймаларын да дрондармен шабуылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Қара теңіздегі қақтығыс және құрсауда қалған қазақ мұнайы