×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Түркиялық холдинг Алматы әуежайының жалғыз иесі атанды

Бүгін, 13:35
Түркиялық холдинг Алматы әуежайының жалғыз иесі атанды
wikipedia

Түркияның TAV Airports холдингі Алматы халықаралық әуежайының 15 пайыз акциясын сатып алып, оның жалғыз иесі атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

TAV Airports мәлімдеуінше, компания Алматы әуежайының миноритарлық акционері VPE Capital-пен жасалған келісім аясында оған тиесілі 15 пайыздық үлесті 133 млн долларға сатып алған. Енді түркиялық холдинг әуежайды толықтай иеленетін болады. Мәміле қазір жабылуға жақын.

– Алматы әуежайы жоғары операциялық көрсеткіштерін сақтап, Орталық Азиядағы ірі авиациялық хабтардың бірі ретіндегі стратегиялық маңызын арттырып келеді. Алматыға бағытталған инвестицияларымыз жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін жолаушыға шаққандағы тарифтердің біртіндеп өсуін күтіп отырмыз. Бұл авиаотын көлемінің азаюынан түсімге келген әсердің орнын айтарлықтай толтырады, – деді холдингтің бас атқарушы директоры Серкан Каптан.

Серкан Каптанның айтуынша, TAV Airports әлі де Алматы әуежайындағы табысты арттыруға, операциялық тиімділікті жақсартуға және ұзақ мерзімді кіріс көздерін қалыптастыруға басымдық беріп отыр.

ӘУЕЖАЙҒА САЛЫНАТЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Бұған дейін Алматы әуежайының өткізу қабілетін 2030 жылға қарай жылына 19 млн жолаушыға дейін арттыру жоспарланып отырғанын жазған едік. Жаңғырту бағдарламасына 362 млн доллар инвестиция бағытталады.