×
477.17
543.26
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.17
543.26
6.01

Украинаға Ресейдің ішкері аумағына соққы жасауға АҚШ пен Франция көмектескен

Бүгін, 09:45
Украинаға Ресейдің ішкері аумағына соққы жасауға АҚШ пен Франция көмектескен
facebook/GeneralStaff.ua

Украина Ресейдің ішкері аумағындағы энергетикалық нысандарға соққыны АҚШ және Францияның көмегімен жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Financial Times басылымының жазуынша, Ресей аумағының түкпіріндегі нысандарға соққы жасау үшін Украина қарулы күштері АҚШ пен Франция ұсынған барлау мәліметтерін пайдаланған. Соның негізінде Ресей энергетикалық жүйесінің толықтай картасы жасалып, ең маңызды деген тораптар таңдалып алынған.

Қазір Украина дрондары негізінен дәл осы маңызды деп белгіленген нысандарға шабуылдап жатыр. Бұл алдын ала жоспарланған стратегия.

Сондай-ақ, АҚШ пен Франция ұсынған барлау мәліметтері Украинаға Ресейдің әуе қорғаныс жүйесін айналып өтуге көмектескен. Украина қарулы күштері Ресейдің әуе шабылына қарсы қорғаныс жүйесінің орналасу картасын дайындаған. Сол арқылы дрондар оны айналып өтіп, елдің ішкі бөлігіне соққы жасап жатыр.

Контекст

Соңғы күндері Украина әскері Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына бірнеше рет дрондармен шабуылдады. 20 шілдеде Подольск қаласындағы мұнай базасы, 25 шілдеде бұған дейін де бірнеше мәрте шабуылға ұшыраған Түмен мұнай өңдеу зауытына соққы жасады.