×
474.63
544.5
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.63
544.5
5.92

Дастан Сәтбаев EA Sports FC 27 ойынына енді

Бүгін, 12:49
Дастан Сәтбаев EA Sports FC 27 ойынына енді
Дастан Сәтпаев. Фото: Saeed Khan / AFP via Getty Images

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтбаев әйгілі EA Sports FC 27 (бұрынғы FIFA) футбол симуляторының ресми ойыншылар базасына енді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

SoFIFA порталының мәліметінше, футболшының бастапқы рейтингі 66, ал даму әлеуеті 82 ұпайға бағаланған.

Дастанның ойынға қосылуына оның «Челси» сапындағы сәтті дебюті себеп болды. Ол Sydney Super Cupхалықаралық турнирі аясында Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы кездесуде алғаш рет алаңға шығып, дебюттік матчында-ақ гол соқты.

Айта кетейік, EA Sports FC 27 ойынының ресми таныстырылымы 25 қыркүйекке жоспарланған. Алайда жанкүйерлер Дастан Сәтбаевтың ойын ішіндегі рейтингі мен сипаттамаларын SoFIFA порталынан қазірдің өзінде көре алады.