×
474.63
544.5
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.63
544.5
5.92

Reuters: Қазақстан Ресеймен мұнай өңдеу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Бүгін, 14:03
Reuters: Қазақстан Ресеймен мұнай өңдеу туралы келіссөз жүргізіп жатыр
ulysmedia коллажы

Қазақстан Ресеймен мұнай өңдеу туралы келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Қазақстан өзінің мұнай өңдеу зауыттарында Ресей мұнайын өңдеу жөнінде Мәскеумен келіссөз жүргізіп жатыр деп жазды Қазақстан энергетика министрлігіне сүйенген Reuters агенттігі.

– Ресейде өндірілген мұнайды өңдеу, содан кейін алынған өнімді Қазақстан аумағында сату және оның бір бөлігін Ресейге экспорттау бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр, – дегенведомство өкілдері агенттікке.

Reuters-тің жазуынша, министрлік өңделетін мұнай көлемі, өңдеу шарты мен келіссөзге қатысып жатқан мұнай өңдеу зауыттары туралы ештеңе айтпаған.

Контекст  

Украинаның дрон шабуылы салдарынан Ресейде маусымда жанармай дағдарысы басталған болатын. Киев Мәскеудің мұнай өңдеу зауыттары мен өзге де мұнай инфрақұрылымына соққы жасауын кейінгі уақыттары жиілеткен.