×
474.63
544.5
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.63
544.5
5.92

Тоқаев Жапония премьер-министріне жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

Бүгін, 17:30
Тоқаев Жапония премьер-министріне жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты
Ақорда

Жапонияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.

– Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Контекст

Магнитудасы 7,1 болған жойқын жер сілкінісі салдарынан 35 адам қаза тауып, тағы 120-дан астам тұрғын түрлі дәрежеде жарақат алды.

Кумамото префектурасында шамамен 80 мың үй әлі күнге дейін ауыз сусыз отыр. Сондай-ақ 5,3 мыңнан астам тұрғын үй электр жарығынсыз қалған.

Табиғи апаттың салдарын жою және тірі қалғандарды іздестіру жұмыстарына Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштерінің 4,6 мың әскери қызметкері жұмылдырылды.

Алайда өңірдегі сейсмикалық белсенділіктің бәсеңдемеуіне байланысты құтқару жұмыстары өте күрделі жағдайда жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 100-ден астам қайталама жер сілкінісі тіркелген.

Алдағы күндері өңірде ауа температурасы 39°C-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Аптап ыстық зардап шеккен тұрғындар мен құтқарушылар үшін күн өту қаупін күшейте түседі.