×
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.59
544.68
5.94

Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын өңірдің 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін, 12:08
Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын өңірдің 90 жылдығымен құттықтады
inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Президент Қостанай өңірінің бай дәстүрі мен төл мәдениетімен танылғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды.

"Қостанай облысының төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты", - дейді Тоқаев.

Қазір аймақ экономикасы қарқынды дамып жатыр. Азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір өркендеу жолына түсіп, көптеген жетістікке қол жеткізуде. Қостанай жұрты әрдайым ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Аймақ халқының наурыз айында өткен республикалық референдумға белсене қатысып, жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруі – соның айқын көрінісі.

"Осы орайда, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолында жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Тобыл-Торғай өлкесі өркендей берсін!" - деді Президент.

Контекст 

Еске салайық, Қостанай облысы 1936 жылғы 29 шілдеде Бүкілресейлік орталық атқару комитеті төралқасының қаулысымен Қазақ КСР-інің құрамында құрылды. Өңірдің қазіргі келбетіндегі тарихы осы кезеңнен басталады.