×
$
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
473.59
544.68
5.94

Қазақстанда аптап ыстық қашан басылады

Бүгін, 16:46
Қазақстанда аптап ыстық қашан басылады
Pixabay.com

Бірнеше күнге созылған аптап ыстықтан кейін Қазақстанда күн салқындайды. 4 тамыздан бастап бірнеше өңірде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазгидромет мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны жақындап келеді. Онымен бірге жауын-шашын және салқын ауа массалары енеді.

Солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түседі.

АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ ТӨМЕНДЕЙДІ

Циклон өткеннен кейін ауа температурасы төмендей бастайды. Солтүстікте күндіз ауа температурасы +22...+27 градус шамасында болады.

Соңғы күндері термометр бағаны +33...+38 градусқа дейін көтерілген шығыста да ауа райы салқындап, +27...+32 градус деңгейінде сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, мұндай ауа райы 4-6 тамыз аралығында болады.