×
$
467.48
539.52
5.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
467.48
539.52
5.73

Рақышев миллиондаған шығынға байланысты дивиденд ала алмайды

Бүгін, 11:53
Рақышев миллиондаған шығынға байланысты дивиденд ала алмайды
Forbes Kazakhstan

Кеңес Рақышев бақылайтын Fincraft Resources АҚ 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемейді. Бұған компанияның ірі көлемдегі шығынға ұшырауы себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарты миллиард теңгеге жуық шығын

KASE сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, компания акционерлерінің жалпы жиналысында дивиденд төлемеу туралы шешім қабылданған. Бұған акционерлік қоғамның қаржылық шығынға ұшырауы себеп болды.

Былтыр Fincraft Resources 547 млн 342 мың теңге көлемінде шығынға батқан. Компания пайда таппағандықтан, жай акциялар бойынша дивиденд төлеуге де мүмкіндік жоқ.

Fincraft Resources кімге тиесілі?

Fincraft Resources компаниясының негізгі акционерлері — жай акциялардың 78,85%-ын бақылайтын Fincraft Group ЖШС және 15,72% үлесі бар «БТА Банк» АҚ.Ал Fincraft Group өз кезегінде Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі, Forbes ұлттық рейтингінде 27-орында тұрған Кеңес Рақышевке тиесілі.

Кеңес Рақышев Fincraft Resources арқылы «Ертіс» ферроникель комбинатын бақылайды. 2026 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша Fincraft Resources активтері 27,4 млрд теңгеге бағаланған. Компанияның міндеттемелері 13,3 млрд теңге болған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша компания шығынға ұшырағанымен, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 106,4 млн теңге көлемінде пайда тапқан.