×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

Елімізде Абай күні аталып өтіліп жатыр

Бүгін, 09:07
Елімізде Абай күні аталып өтіліп жатыр
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент құттықтауы

Президент өз құттықтауында Абайдың шығармашылық және зияткерлік мұрасы ұлттық әрі әлемдік мәдениеттің асыл қазынасына айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы ақынның білімге, еңбекке, жауапкершілікке және бірлікке үндеген идеялары қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен үндесетінін айтты.

– Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясы әр азаматты рухани кемелденуге үндейтін, өзектілігін жоғалтпайтын тұжырым. Ол Абай мұрасы өскелең ұрпақты отаншылдық пен туған елге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

Абай күні

Абай күні Қазақстанда жыл сайын 10 тамызда, ақынның туған күніне орай аталып өтеді. Бұл мереке күнтізбеге 2020 жылы енгізілді.

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келген. Ақынның азан шақырып қойған аты – Ибраһим. «Абай» есімін оған әжесі Зере берген. Бұл сөз «байыпты», «сақ» деген мағынаны білдіреді. Кейін ол бүкіл елге осы есімімен танылды.

Абай – ақын, философ, композитор әрі ағартушы. Ол қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ретінде бағаланады. Шығармаларында білім мен ғылым, еңбек, адамгершілік, елге деген сүйіспеншілік және қоғам мәселелерін көтерді. Оның мұрасында «Қара сөздер» ерекше орын алады.