×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

FlyArystan Дубайға рейстерді қыркүйекке дейін орындамайды

Бүгін, 11:40
FlyArystan Дубайға рейстерді қыркүйекке дейін орындамайды
tutu

Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Ақтау мен Дубай арасындағы рейстерді тағы бірнеше аптаға тоқтатты. Бұл бағыттағы ұшақтар 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қатынамайды. Бұған Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бастапқыда әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді 29 тамызға дейін тоқтатуды жоспарлаған. Енді бұл мерзім тағы екі аптадан астам уақытқа – қыркүйектің ортасына дейін ұзартылды.

FlyArystan компаниясы мұндай шешімді аймақтағы жағдайға және соған байланысты ұшу қауіпсіздігіне төнетін тәуекелдерге байланысты қабылдағанын түсіндірді.

Рейсі тоқтатылған жолаушылар билет құнын толық көлемде айыппұлсыз қайтара алады. Ол үшін билетті сатып алған жерге жүгіну қажет.

Дубайда қазір не болып жатыр?

Шектеулер Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуінің салдарымен байланысты. 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғаннан кейін Тегеран Парсы шығанағындағы америкалық әскери нысандар орналасқан елдерге зымыран және дрон шабуылдарын жасаған. Оның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері де шабуылға ұшырады.

Осыған байланысты елдің әуе кеңістігі бірнеше рет жабылып, әуежайлардың жұмысы да бұзылды. Соның салдарынан халықаралық рейстер жаппай тоқтатылып, кейінге шегерілді.

Қазір БАӘ-дегі жағдай айтарлықтай тұрақтанды. Дубай әуежайлары жұмыс істеп тұр, күнделікті өмірге енгізілген шектеулердің басым бөлігі алынды, ал көп әуе компаниясы рейстерін қайта іске қосты.

Алайда Иран төңірегіндегі шиеленіс пен Ормуз бұғазындағы жағдай әлі де тұрақсыз. Осыған байланысты бірқатар шетелдік әуе тасымалдаушы рейс кестелеріне өзгеріс енгізуді жалғастырып отыр.