×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

Қазақстанда үш күн бойы аптап ыстық болады

Бүгін, 13:56
Қазақстанда үш күн бойы аптап ыстық болады
ЖИ/ Ulysmedia

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы ыстық болады. Дегенмен кей өңірлерде күн райы бұзылып, жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. 11-13 тамыз аралығында ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңбыр қай өңірлерде жауады?

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, 11 тамызда жауын-шашын мол түседі. Елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін.

Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Аптап ыстық

Кей өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Ең қатты ыстық оңтүстікте болады. Күндіз ауа температурасы +37...+44 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс пен оңтүстік-шығыста +30...+42 градус ыстық болады.

Батыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +27...+39 градус аралығында сақталады. Ал ең салқын ауа райы солтүстік-батыс пен солтүстікте байқалады. Дегенмен бұл өңірлерде де күндізгі температура +25...+35 градусқа дейін жетеді.