×
$
466.08
538.56
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
466.08
538.56
5.65

Сүйінші, көрімдік пен шежірені цифрландыру жоспарланып отыр

Бүгін, 16:10
Сүйінші, көрімдік пен шежірені цифрландыру жоспарланып отыр
ашық дереккөз

Қазақстанның ұлттық мессенджері Aitu-да смартфон дәуіріне дейінгі қазақ дәстүрлеріне қатысты жаңа функциялар іске қосылмақ. Қолданушыларға цифрлық шежіре жүргізу, сондай-ақ сүйінші, көрімдік, асар және садақаға ақша аудару мүмкіндігі ұсынылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шежіре телефонда сақталады

Жаңа функциялардың бірі – цифрлық шежіре. Қосымшада ата-тек пен отбасы тарихын сақтауға болады. Туыстар үшін ортақ фотосуреттер, маңызды күндер күнтізбесі мен еске салғыштар орналасатын жеке отбасылық қауымдастықтар құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ дәстүрлерге байланысты ақша аудару мүмкіндігі де енгізіледі. Aitu арқылы сүйінші, көрімдік, асар және садақа жіберуге болады.

Бұдан бөлек, қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше автоматты аударма функциясы іске қосылады.

Тек отбасы үшін емес

Сонымен қатар Aitu платформасына мектеп, үй және аудандық чаттарды, сондай-ақ науқастар мен дәрігерлер арасындағы байланысты көшіру жоспарланып отыр.

Кіріктірілген eGov GPT арқылы пайдаланушыларға мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі де беріледі.

Қазір Aitu мессенджерінің ай сайынғы аудиториясы бір миллионнан асады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1,5 миллионға, ал 2027 жылы 3,8 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Aitu-дың мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдады.