Алматыда ардагер әскери қызметкерлермен кездескен Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов аталған саладағы азаматтардың жалақысына қатысты жаңалықпен бөлісті. Кездесу барысында министр 2023 жылдан бастап ұшу құрамының лауазымдық жалақысы көтерілетінін атап өтті. деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Әскери медицина қызметкерлері мен әскери жоғары оқу орындарының азаматтық оқытушыларының ақшалай үлесін азаматтық бейіндегі мекемелердің жалақы деңгейіне дейін арттыру мүмкіндігі де қарастырылып жатқаны айтылды.
«2023 жылдың ішінде ІІМ Ұлттық ұланы сияқты төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде әскери қызметшілерге үш еселенген ақшалай қаражат мөлшерінде төлемді арттыру көзделген. Қорғаныс ведомствосының басшысы 2024 жылдан бастап қатардағы жауынгерлер мен сержанттық құрамдар лауазымдарының тарифтік санаттарын және әскери атағы бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын 30 пайызға арттыру жоспарланғанын алға тартты», – деді министрлік өкілдері.