×
$
465.08
536.52
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.08
536.52
5.56

Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде қайтыс болды

Бүгін, 12:35
Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде қайтыс болды
ЖИ/ Ulysmedia

Екібастұзда 37 жастағы ер адам ұсталғаннан кейін көп ұзамай полиция бөлімінің ғимаратында қайтыс болды. Қазір оның өлімінің мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Мән-жай

Марқұмның туыстарының айтуынша, 11 тамызда оны Солнечный кентіндегі үйінің маңынан ұстап, ГРЭС-2 полиция бөліміне жеткізген. Бұл туралы «Qumash» Telegram-арнасы жазды.

Ер адамның әпкесінің сөзінше, оны ұстағаннан кейін шамамен жарты сағаттан соң полиция қызметкерлері Ринаттың анасына хабарласып, бөлімге келуін сұраған. Туыстарының айтуынша, әйел ұлын ес-түссіз жатқан күйде көрген.

Полиция не дейді

Павлодар облысы полиция департаментінің Ulysmedia.kz-ке хабарлауынша, 11 тамызда аулада мас күйдегі ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, әйелді күш қолданатынын айтып, қорқытып жатқаны туралы шақырту түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Ол арнайы бөлмеге орналастырылған.

– Ер адам бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Құқық бұзушы арнайы бөлмеге орналастырылды. Біраз уақыттан кейін ол ес-түссіз күйде табылды. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адам қайтыс болды. Бейнежазбалар тексеріліп жатыр, – деп хабарлады полиция.