×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Грузияда жер сілкінді

12.02.2023, 16:21
Ашық дереккөз

Грузияда 14 минутта екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Илья университеті жанындағы сейсмикалық мониторинг орталығының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жер асты дүмпулері, Астана уақыты бойынша сағат 14:07-де білініп, магнитудасы 4,6-ны құрады. Жер сілкінісінің ошағы Озургети қаласының оңтүстік-шығысындағы Гоми ауылында орналасқан.

3,6 балдық жер сілкінісі қайтадан сағат 14:21-де тіркелді. Оның ошағы да тағы Гоми ауылы маңынан анықталды. Жер сілкінісі Батуми мен Кобулетиде де сезілді.

Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда қатты жер сілкінісі болды.

Серіктес жаңалықтары