×
$
460.13
532.6
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
460.13
532.6
5.42

Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр жауады

Бүгін, 17:40
Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр жауады
Pixabay.com

Алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа райы құбылмалы болады. Бір өңірлерде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр, бұршақ жауса, елдің батысында ауа температурасы кей жерлерде +41 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» болжамынша, 20-22 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронттар қалыптастырады. Синоптиктер найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын, жел күшейетінін, кей жерлерде бұршақ түсетінін болжады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

– Нөсер жаңбыр біртіндеп өңірлерді шарлайды. 20 тамызда Қазақстанның орталығында, 21 тамызда шығысында, ал 22 тамызда елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады, – деп хабарлады метеорологиялық қызмет.

Батыста +41 градусқа дейін ыстық болады

Бұл ретте батыс өңірлер мен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +30…+38 градус аралығында болады. Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында ауа +41 градусқа дейін жылынуы мүмкін.

Оңтүстікте +30…+38 градус ыстық болады. Қостанай облысында ауа температурасы +20…+30, солтүстікте +17…+28 градус шамасында сақталады.

Орталық және шығыс өңірлерде күндіз +17…+30 градус аралығында болады.

Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасының күрт өзгермейтінін болжап отыр.