×
$
462.22
536.5
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
462.22
536.5
5.43

Маңғыстауда туризмді дамытуға бөлінген 117 млн теңгені жымқырған кәсіпкер 5 жылға сотталды

Бүгін, 15:20
Маңғыстауда туризмді дамытуға бөлінген 117 млн теңгені жымқырған кәсіпкер 5 жылға сотталды
sud.gov.kz

Маңғыстау облысында туристік саланы мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотта не анықталды

Тергеу барысында жеке кәсіпкер «А» өкілі Маңғыстаудағы демалыс базасының құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу үшін мемлекеттен 117,2 млн теңге көлемінде субсидияны заңсыз алғаны анықталған.

Ол орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін негізсіз ұлғайтқан жалған жобалық-сметалық құжаттарды пайдаланған. Сонымен қатар нысан мемлекеттік қолдау шаралары енгізілгенге дейін салынып қойғаны және құжаттарда көрсетілген құрылыс жұмыстарының бір бөлігі іс жүзінде орындалмағаны белгілі болған.

Бұдан бөлек, кәсіпкер жымқырылған бюджет қаражатын заңдастыру мақсатында ақшаны банк депозитіне орналастырған. Соның нәтижесінде 5,6 млн теңге көлемінде қосымша кіріс алған.

Сот үкімі

Ақтау қалалық сотының үкімімен жеке кәсіпкер «А» өкілі аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында бөлінген бюджет қаражатын заңсыз алғаны үшін заңда белгіленген жауаптылық көзделгенін ескертеді.