×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Тоқаев сыйлаған сағатын сатпақ болған қазақстандық қыз райынан қайтты

Бүгін, 10:04
Тоқаев сыйлаған сағатын сатпақ болған қазақстандық қыз райынан қайтты
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық Анна Захарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қолынан сыйға алған сағатын сатудан бас тартты. Әлеуметтік желідегі қызу талқыдан кейін ол хабарландыруын өшіріп, сыйлықты өзінде сатпауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Естеліктің орны бөлек»

Захарова сағатты бастапқыда қазіргі жағдайына байланысты сатуға шешім қабылдағанын түсіндірді. Алайда Президенттен алған сыйлық өзі үшін әрдайым ерекше естелік болып қалғанын айтты.

Хабарландыру жарияланғаннан кейін желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі сағатты сатпақ болғанын және қойған бағасын сынаса, енді бірі оны қолдады.

Захарованың айтуынша, пікірлерден кейін ол бұл жағдайға басқаша қарай бастаған.

«Жылдар өткен соң осы оқиғадан қалған естелік мен үшін сағатты сатудан түсетін кез келген ақшадан әлдеқайда қымбат болатынын түсіндім», — деп жазды ол.

Сөйтіп, қазақстандық сағатты сатылымнан алып, алғашқы жазбасын да өшірген.

«Ақырында расымен мынадай ойға келдім: естеліктің орны расымен де бөлек», — деп қосты Захарова.

Кейіпкер сағатты 2,9 млн теңгеге жуық ақшаға сатпақ болған

Бұған дейін Захарова сағатты 2 899 000 теңгеге сатуға қойған еді. Хабарландыруда бұл сыйлықты Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қолынан алғанын және сағаттың құжаттары да сақталғанын жазған.

Сондай-ақ, ол уақыт өте келе сағаттың бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтып, 10 жылдан кейін құны 30 млн теңгеге дейін жетуі ықтимал деп болжаған.

Жарияланым әлеуметтік желіде кең тарады. Әсіресе қолданушылар сағаттың бағасын қызу талқылап, көпшілігі оның тым қымбат қойылғанын жазды.

Сағатты қайдан алынған?

Захарова бұл естелік сыйлықты 2023 жылы алған. Ұлттық ит тұқымдары көрмесі кезінде ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа Наурыз есімді бір жарым айлық тазы күшігін сыйлаған.

Президент жауап ретінде ит өсірушіге өз қолтаңбасы қойылған сағат табыстаған.