×
$
441.77
€
502.38
₽
5.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.77
€
502.38
₽
5.23

Тоқаев Германия президентімен кездесті

Бүгін, 18:54
Тоқаев Германия президентімен кездесті
Ақорда

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

 

Мемлекет басшысы Германияға сапармен келуге шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтты. Қазақстан Президенті Германия еліміздің Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі саналатынына, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенімге, құрметке және ортақ мүддеге негізделгеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жыл толатынын еске салды. Осынау кезеңде екі ел серіктестіктің барлық бағытында елеулі табысқа қол жеткізді.

Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Берлин арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Ол Қазақстан Президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, мүлдем жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Мән-жай

Бұған дейін сапар аясында Тоқаев Германияның іскер орта өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Deutsche Bahn басшылығымен жолаушылар тасымалын және контейнерлік логистиканы дамыту мәселелері талқыланды. Rhenus Group компаниясымен Ақтау портында мультимодальды хаб салу және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жайы сөз болды. Ал Wilo Group-пен Алматы облысындағы сорғы жабдықтары өндірісін кеңейту мәселесі қарастырылды.

Сондай-ақ, Тоқаев еуропалық капиталды Қазақстандағы жобаларға тарту үшін Қазақстан-Германия инвестициялық-қаржы платформасын құруды ұсынды.