×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Ерлан Қариннің мандаты өзгере ме?

Бүгін, 09:01
Ерлан Қариннің мандаты өзгере ме?
Ulysmedia.kz

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтай депутаттарын сайлаудың өзге сайлаулардан ерекшелігін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңғыру Құрылтайдан басталады

Ерлан Қарин дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келді. Бюллетеньді жәшікке салғаннан кейін ол журналистердің бірнеше сауалына жауап берді.

– Өздеріңіз білетіндей, жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай мемлекеттік саясаттағы бірқатар негізгі институттарды қалыптастыруға қатысады. Сондықтан Құрылтай сайлауынан елдегі жаңғырудың жаңа кезеңі басталады деуге болады. Меніңше, маңызды бетбұрыс тек институттардың жаңаруымен шектелмейді. Президент реформалары қоғамдағы үдерістерге де тың серпін беріп отыр, – деді ол.

Қарин өз мандатына қатысты әзірге пікір білдірмеді

Қариннің айтуынша, елдің заң шығарушы органына жаңа адамдар мен жаңа күштер келеді.

– Ауқымы, қарқыны мен даму серпіні жағынан бұл – еліміздің тарихындағы ғана емес, тұтас өңірдегі ең ірі жаңғыру үдерістерінің бірі деп нық айтуға болады, – деді Қарин.

Сонымен қатар, журналистер Ерлан Қариннен өзі қандай заңдарды дамытуды жоспарлап отырғанын сұрады. Алайда ол бұл сауалға жауап бермей, кандидаттар тізімін партиялар жасақтайтынын атап өтті. Оның айтуынша, сайлау аяқталмай тұрып алдағы жоспар туралы айтуға әлі ерте.

Айта кетейік, Ерлан Қарин бұған дейін Мемлекеттік кеңесші қызметін атқарған. 2026 жылғы маусымның аяғында ол Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал жаңа Конституция күшіне енген 1 шілдеден бастап Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылды.

Мән-жай

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау басталды. Сайлауды жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындады.

Сайлауды өткізуге Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді.