×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

«Жарияламаған дұрыс»: ОСК төрағасы бюллетеньдерді әлеуметтік желіге салмауға шақырды

Бүгін, 09:16
«Жарияламаған дұрыс»: ОСК төрағасы бюллетеньдерді әлеуметтік желіге салмауға шақырды
Ulysmedia.kz

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров азаматтарды дауыс беру кезінде таңдау жасалғаны бюллетеньдерді әлеуметтік желіде жарияламауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бұл туралы ол Астанадағы №228 сайлау учаскесінде Ulysmedia.kz тілшісінің сауалдарына жауап беру кезінде айтты.

ОСК төрағасының айтуынша, мұндай жарияланымдар сайлауалды үгіт ретінде қабылдануы мүмкін.

– Мұндай әрекеттен бас тартқан жөн. Өйткені біз сайлаушылардың таңдауына ықпал етпеуіміз керек. ОСК төрағасы ретінде мұндай жағдайға жол бере алмаймын, себебі біз еркін сайлау өткізу қағидатын ұстанамыз. Кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынған. Кеше тыныштық күні болды, дауыс беру күні де үгіт жүргізуге болмайды, – деді ол.

Контекст

Еске салайық, бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Дауыс берушілер тізіміне 12 605 788 қазақстандық енгізілген. Ең көп сайлаушы Алматыда – 1 329 221 адам. Одан кейін Түркістан облысында – 1 204 659, Алматы облысында – 1 042 987 және Астанада – 1 014 817 сайлаушы тіркелген.

Сайлаушы саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 138 362 адам дауыс беруге құқылы.