×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Айбек Дәдебай Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін, 09:42
Айбек Дәдебай Құрылтай сайлауында дауыс берді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алғашқы Құрылтай

Айбек Дәдебай сайлауға қатысудың және азаматтық жауапкершілік танытудың маңызын атап өтті.

Биылғы сайлау 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституциядан кейін алғаш рет өтіп жатыр. Конституциялық реформаға сәйкес, Қазақстан қоспалаталы Парламент үлгісінен жаңа бірпалаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға көшті.

Бүгін қазақстандықтар алғаш рет Құрылтай депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлап жатыр.

Контекст

Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды және 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Дауыс берушілер тізіміне 12 605 788 қазақстандық енгізілген. Ең көп сайлаушы Алматыда – 1 329 221 адам.

Одан кейін Түркістан облысы – 1 204 659, Алматы облысы – 1 042 987 және Астана – 1 014 817 сайлаушы.

Сайлаушы саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 138 362 адам тіркелген.