×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Сайлау кезіндегі қоғамдық тәртіп қалай сақталып жатыр?

Бүгін, 10:21
Сайлау кезіндегі қоғамдық тәртіп қалай сақталып жатыр?

Ішкі істер министрлігі Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатқан күні елдегі ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қазір қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелмеген.

Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев сайлау учаскелері тәулік бойы күзетілетінін айтты. Сондай-ақ, өңірлерден ақпарат қабылдайтын жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

– Қазір елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деректері тіркелген жоқ, – деді Әлекешев.

Сонымен қатар, ІІМ өкілі полиция қызметкерлерінің сайлау учаскелеріндегі өкілетіне де тоқталды. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары дауыс беру үдерісіне араласпайды және залға тек сайлау комиссиясының төрағасы шақырған жағдайда кіре алады.

Контекст

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Ел Мәжіліс пен Сенаттың орнына келген жаңа бірпалаталы Парламенттің құрамын сайлап жатыр.

Дауыс берушілер тізіміне 12 605 788 адам енгізілген. Жалпы 10 423 сайлау учаскесі ұйымдастырылған, оның 79-ы 61 мемлекетте орналасқан.

Сайлауға жеті саяси партия қатысып жатыр.

Ulysmedia.kz күні бойы Қазақстанда және шетелде дауыс беру қалай өтіп жатқанын бақылап отыр.