×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Құрылтай депутаттарына қандай міндет жүктеледі? Тоқаев үш талапты атады

Бүгін, 13:36
Құрылтай депутаттарына қандай міндет жүктеледі? Тоқаев үш талапты атады
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтай депутаттарына қандай талап қойылуы керегін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысынан жаңа Парламент бірінші кезекте қандай заңдарды қабылдауы керек және депутаттар сайлаушылар алдында не үшін жауап беруге тиіс деген сұрақ қойылды.

Депутаттарға қойылатын үш талап

Президент жаңа бір палаталы Парламенттен зор үміт күтетінін айтты. Сондай-ақ, саясатқа жаңа тұлғалар мен тың идеялардың келіп жатқанына назар аударды.

– Жастардың ой-пікірін еркін жеткізуін, мемлекетіміздің қалыптасуына үлес қосуын әрдайым қолдаймын, – деді Президент.

Құрылтай депутаттарына тоқталған Тоқаев олардың жауапкершілігіне кіретін үш негізгі бағытты атады.

– Депутаттар, ең алдымен, заңның сапасына жауап береді деп сенемін. Екіншіден, олар берген уәделерін немесе бағдарламаларын орындауға тиіс. Үшіншіден, ел дамуына ықпал ететін заңдар қабылдануы керек. Қазір заман күрделі, – деді ол.

Президент қазір ел алдында күрделі міндеттер тұрғанын және оларды еңсеру үшін қоғам болып жұмылу қажет екенін атап өтті.

– Қазір заман күрделі. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Сондықтан туған елімізді озық, заманауи мемлекетке айналдыру жолында күш-жігерімізді біріктіру керек. Бұл ретте Конституция бізге мол мүмкіндік береді. Біртұтас ел болып қабылдаған Жаңа Конституциямыз өте озық, мазмұнды құжат деп айтсақ, қателеспейміз. Сондықтан Ата Заң бізге, әсіресе, жастарға жарқын жол нұсқайды. Келешегіміз – жастардың қолында. Оған күмән жоқ, – деді Президент.