×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Назарбаев сайлау қарсаңында омыртқасына ота жасатты

Бүгін, 14:26
Назарбаев сайлау қарсаңында омыртқасына ота жасатты

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Жақында оған ота жасалғандықтан, ол үйден дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне барған жоқ.

– Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты тұңғыш президент өз дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырды, – делінген nazarbayev.kz ресми сайтындағы хабарламада.

Оның қазіргі жағдайы мен жасалған отаға қатысты өзге мәлімет жарияланған жоқ.

Контекст

15 наурызда өткен жаңа Конституция жөніндегі референдумда Назарбаев сайлау учаскесіне өзі барып дауыс берген еді. Ол кезде ол Астанадағы №228 сайлау учаскесіне барды.

Дауыс бергеннен кейін бұрынғы президент журналистердің сауалдарына жауап бермеді.

Кейін оның ресми сайтында Назарбаев жаңа Конституцияны және Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтыны туралы ақпарат жарияланды. Атап айтқанда, ол кезінде «Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдасына таңдау жасағанын» және сол таңдауынан айнымағанын айтты.

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

Ulysmedia.kz сайлау барысын күні бойы бақылап отыр.