×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін, 17:45
Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты талқылады
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не талқыланды?

«Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусымда Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды», – деп хабарлады Ақорда.

Ақорда Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынастың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

Контекст

23 маусымда Тоқаев Брюссельге сапармен барып, Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездесті.

Кездесулерде сауда, инвестиция, энергетика, көлік, цифрландыру және аса маңызды шикізат мәселелері негізгі тақырыптардың қатарында болды.

Айта кетейік, Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып қала береді.