×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Құрылтай сайлауында 9 миллионнан аса қазақстандық дауыс берді

Бүгін, 18:31
Құрылтай сайлауында 9 миллионнан аса қазақстандық дауыс берді
Ulysmedia.kz/ Әсем Ғұмарова

548 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

548 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

23 тамызда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлаушылардың 72,15 пайызы дауыс берді.

Азаматтар уақытша болатын орындарда орналасқан 548 сайлау учаскесі осы уақытқа дейін жұмысын аяқтаған.

Сайлауға қатысу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда сайлаушылардың 90 пайыздан астамы дауыс берген. Одан кейін Жетісу облысы – 89,69% және Қызылорда облысы – 88,09%.

Ең төмен көрсеткіш Алматыда тіркелді – 41,06%. Астанада сайлаушылардың 49,87 пайызы, ал Ұлытау облысында 68,23 пайызы дауыс берген.

«Жалпы ел бойынша сағат 18:00-де 9 095 298 дауыс беруші бюллетень алды. Бұл – дауыс берушілер тізіміне енгізілген азаматтардың 72,15 пайызы», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Контекст

Түркістан облысы тек жоғары белсенділікпен емес, сайлауға ерекше дайындықпен де көзге түсті.