×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы көш бастады — алдын ала нәтиже

Бүгін, 10:41
Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы көш бастады — алдын ала нәтиже
Ulysmedia

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 12 623 289 азамат енгізілген. Оның 9 351 539-ы дауыс беруге қатысқан. Сайлаушылардың келу көрсеткіші – 74,08%.

Алдын ала қорытынды бойынша:

  • «Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс немесе 71,17%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс немесе 5,11%;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 97 751 дауыс немесе 1,07%;
  • Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс немесе 3,11%;
  • «Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс немесе 6,26%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 478 083 дауыс немесе 5,21%;
  • «Respublica» партиясы – 509 631 дауыс немесе 5,56%.

Сонымен қатар сайлаушылардың 2,51%-ы «бәріне қарсы» деген нұсқаны таңдаған.

Орталық сайлау комиссиясы бұл деректерді алдын ала нәтиже ретінде жариялады. Қорытынды нәтижелер сайлау заңнамасында белгіленген тәртіппен нақтыланады.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланған еді.