Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Экзитпол қорытындысы қандай?
«Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, Құрылтайға бес саяси партия өтуі мүмкін.
Алғашқы сауалнама нәтижесіне сәйкес, Құрылтайға 5 саяси партия өтуі мүмкін. Бұл деректерді Еуразиялық интеграция институты жариялады.
Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі мынадай:

ИКСИ «Социс-А» дерегі бойынша, Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі былай бөлінді:

Ал Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, дауыс беру нәтижесі мынадай:

Осы есепке сүйенсек, 5 пайыздық межеден «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Ауыл», «Ақ жол» және Respublica партиялары өтуі мүмкін.
Экзитпол халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандартты әдістеме бойынша сұхбат түрінде жүргізілген.
Экзитпол деген не?
Экзитпол – дауыс берген сайлаушылар арасында сайлау учаскесінен шыққан бойда жүргізілетін сауалнама.
Әдетте сұхбат алушылар учаске маңында сайлаушылардан қай партияға немесе кімге дауыс бергенін сұрайды. Сауалнамаға қатысу ерікті.
Экзитпол ресми дауыстар толық саналып біткенге дейін сайлаудың ықтимал нәтижесін шамалауға мүмкіндік береді. Алайда оның қорытындысы сайлаудың ресми нәтижесі болып саналмайды және түпкілікті деректерден өзгеше болуы мүмкін.
Құрылтайға өту үшін қанша дауыс қажет?
Құрылтайға өту үшін саяси партия сайлауға қатысқан азаматтардың кемінде 5 пайыз дауысын жинауы керек.
Сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.
Ресми нәтиже 30 тамызға дейін белгілі болуға тиіс.