×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Путин Қазақстандағы сайлаудан кейін Тоқаевқа үндеу жасады

Бүгін, 14:00
Путин Қазақстандағы сайлаудан кейін Тоқаевқа үндеу жасады
Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай парламентіне өткен алғашқы сайлаудың қорытындысымен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Путин биліктегі «Әділет» партиясының «жеңісін» арнайы атап өткен. Ресей президенті сайлау нәтижесі мен сайлаушылардың жоғары белсенділігін Тоқаев жүргізіп отырған саяси бағытты қолдаумен байланыстырды.

– Сайлаушылардың жоғары белсенділігі мен халық ерік-жігерінің нәтижелері Сіздің басшылығыңызбен елдегі ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуге және халықаралық аренада оның мүдделерін қорғауға бағытталған саясаттың кең қолдау тауып отырғанын айқын көрсетеді, – делінген құттықтауда.

Владимир Путин жаңа Құрылтай депутаттары ресейлік парламентшілермен белсенді жұмыс істеп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі деп үміт білдірді.

Сөз соңында ол Қазақстан президенті мен жаңадан сайланған депутаттарға табыс, ал қазақстандықтарға амандық пен өркендеу тіледі.

Құрылтай сайлауы

Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы Қазақстанда 23 тамызда өтті. ОСК-ның алдын ала мәліметінше, жаңа парламентке бес партия өтті.