×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Тоқаев Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 16:40
Тоқаев Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады
Архив фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не белгілі

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады. Украина бұл күнді 24 тамызда атап өтеді.

Қазақстан президенті Украина халқына бейбітшілік, амандық пен өркендеу тіледі.

Еске салайық, Украина 1991 жылғы 24 тамызда тәуелсіздігін жариялаған.

Контекст

Украина тәуелсіздігінің 35 жылдығын Ресеймен жалғасып жатқан соғыс жағдайында атап өтіп жатыр. Осыған байланысты Киевке бірнеше шетелдік көшбасшы барды. Олардың қатарында Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта да бар.

Еуропалық одақ Украинаны қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді. Ал АҚШ Украинаның егемендігін қорғауға және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жолдарын іздеуге бейілді екенін растады.

Украина халқына Беларусь президенті Александр Лукашенко да құттықтау жолдады.

Тоқаев пен Зеленский соңғы рет 2025 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездескен. Кездесуді Украина тарапы ұсынған.

Президенттер экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ Украинадағы соғысты талқылаған. Сол кезде Тоқаев қақтығысты тоқтатудың жолдарын іздеу үшін дипломатиялық жұмысты жалғастыру қажет екенін айтқан.