×
$
458.48
534.68
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.48
534.68
5.43

Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Дубай әуежайындағы жолаушылар санын күрт азайды

Бүгін, 18:20
Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Дубай әуежайындағы жолаушылар санын күрт азайды
lenta.ru

Дубай халықаралық әуежайы 2026 жылдың алғашқы жартысында 31,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 31,3% аз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Әуежай өкілдері жылдың алғашқы алты айы бүкіл өңірдің авиация жүйесі үшін үлкен сынақ болғанын мойындады.

Ұшып шығу және қону саны 32,1% қысқарып, шамамен 150,6 мың болды. Жүк тасымалы 28,7% төмендеп, 751 мың тоннаға жетті. Ал өңделген багаж саны шамамен 28% азайған.

Иранмен соғыс соққы болды

Жолаушылар санының күрт төмендеуіне 28 ақпанда басталған АҚШ, Израиль және Иран арасындағы әскери қақтығыс себеп болды. Соғыс қимылдарына байланысты өңірдегі әуе қатынасы іс жүзінде тоқтап қалды. Көптеген рейс тоқтатылып немесе бағыты өзгертілді. Бұл әлемдегі ең ірі авиациялық хабтардың біріне айтарлықтай соққы болды.

Екінші тоқсанның соңына қарай жағдай біртіндеп қалпына келе бастаған. Әскери қимылдардың қарқыны бәсеңдеген сайын жолаушылар ағыны 2025 жылғы деңгейге жақындай түскен.

Әуежай басшылығы жылдың екінші жартысында сұраныс одан әрі артады деп күтеді. Бұған әуе компанияларының тасымал көлемін бұрынғы деңгейге қайтаруы, транзиттік жолаушылар ағынының өсуі және сапарларға қойылған шектеулердің жеңілдеуі ықпал етуі мүмкін.