×
$
458.87
535.09
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.87
535.09
5.42

Ленгірде әйелді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Бүгін, 10:52
Ленгірде әйелді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды
Ulysmedia коллажы

Түркістан облысының Ленгір қаласында әйелге қатыгездікпен шабуыл жасады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды. Түнде бейтаныс адамдар оның үйіне басып кіріп, үй иесін ұрып-соғып, ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

Бетперде киген шабуылдаушылар

Полицияның мәліметінше, қылмыс түнгі уақытта болған. Екі бейтаныс адам жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, оған дене жарақатын салып, ұялы телефонын алып кеткен.

Бұған дейін шабуылдың салдары түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тараған. Видеодан әйелдің денесінде көптеген жарақат барын, бетінің қатты ісіп кеткенін көруге болады. Үйдің ішіндегі заттар шашылып, жиһаздар аударылып қалған.

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің айтуынша, шабуыл жасағандар бетперде киген. Олар әйелді байлап, бірнеше сағат бойы үйде ұстап, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Күдіктілер ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізіп, шабуыл жасады деген күдіктілердің жеке басын және олардың орналасқан жерін анықтаған.

— Нәтижесінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп хабарлады ведомство.

Тергеуге қатысты өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.