×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Орталық барлау басқармасы Путинге қандай ұсыныс жасады

Бүгін, 14:04
Орталық барлау басқармасы Путинге қандай ұсыныс жасады

Орталық барлау басқармасының директоры Джон Рэтклифф жуырда Мәскеуге жасаған сапары барысында Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің қатысуымен үшжақты кездесу өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәскеуде не талқыланды

Axios дереккөздерінің мәліметінше, Рэтклиффтің мақсаты – Ресейдің арнайы қызметтері Владимир Путинге ықпал етіп, оны Украинамен келіссөздерді қайта бастауға итермелей ала ма, соны анықтау болған.

Кездесуден кейін Орталық барлау басқармасы басшысы Ресейдің ФҚҚ директоры Александр Бортниковтың Мәскеуді дипломатиялық процеске қайтаруға бағытталған әрекеттерде сындарлы рөл атқара алатыны туралы қорытындыға келген.

28 тамызда америкалық шенеуніктер Владимир Зеленскийге Рэтклиффтің Мәскеудегі келіссөздері туралы айтып, үшжақты саммит өткізу идеясын жеткізген. Дональд Трамп әкімшілігі мұндай форматты бұған дейін де ұсынған. Алайда сол кезде Владимир Путин бұл ұсыныстан бас тартқан.

Рэтклифф Ресейге не үшін барды

Рэтклифф 25 тамызда Boeing C-17 Globemaster III әскери-көлік ұшағымен Мәскеуге ұшып барып, бірнеше сағаттан кейін Ресейден кеткен.

The Wall Street Journal мәліметінше, сапардың құпия болғаны соншалық, бұл туралы Ақ үйдің кейбір жоғары лауазымды қызметкерлері де білмеген.

Politico басылымы Рэтклиффтің сапарындағы негізгі мақсаттардың бірі Мәскеуге АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарына шабуыл жасауға жол берілмейтінін ескерту болғанын жазды.

Ал The New York Times басылымының хабарлауынша, Рэтклифф Ресейдің соғыстағы жағдайына қатысты ресейлік тарапқа қатаң баға беріп, әскери және экономикалық жағдай одан әрі қиындамай тұрып келіссөздерді бастауға шақырған.

Бұл Орталық барлау басқармасы басшысының Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық әрекеттерге алғаш рет жеке қатысуы болды.